Читай нас на Twitter! Добавляйся в друзья!

 

Старая версия сайта! Новая версия доступна по этой ссылке!

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «ХVІІ Сәтбаев оқулары»

2017 жылдың 12-13 сәуірінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «ХVІІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, мектеп мұғалімдері, докторанттар, магистранттар, студенттер және 5 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары (жетекшісімен бірге) шақырылады. Конференция аясында секциялық мәжілістер өткізіліп, қатысушыларға сертификаттар, ал студенттер мен мектеп оқушылары арасынан шыққан жеңімпаздарға Дипломдар, Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Конференция аясында қазіргі ғылымның әр түрлі салаларындағы көкейкесті мәселелерін қарау жоспарланып отыр.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс контактілері: Павлодар қ., Ломов көшесі, 64-үй, С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі (А-238а кабинеті), тел.: 8 (7182) 67-36-83 (ішкі: 11-12, 11-14).

 

 

 

 

 

 

 

Назад