Читай нас на Twitter! Добавляйся в друзья!

 

Старая версия сайта! Новая версия доступна по этой ссылке!

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

2016 жылғы 19-22 мамыр аралығында ҚХР Сыртқы сауданы дамыту кеңесі Шэньси, Ганьсу, Синьдзян провинцияларымен бірлесіп Қытай Халық Республикасы Цинхай провинциясының Синия қаласында Халал Индустриясы Х Халықаралық көрмесін өткізеді.

Аталған көрме өзін көп жылдар бойы Қытайдың батыс өңіріндегі маңызды және сұранысқа ие іс-шаралардың бірі ретінде танытқан, ол Халал Индустриясы саласында тамақ өнімдерінің өндірісіндегі инновациялық технологияларды таныстыру және заманауи бағыттарды көрсету үшін кәсіби алаң болып табылады.

Көрме алаңы 50000 шаршы метрден астам жабдықталған стендтерді құрайды, көрме қатысушылары 1600 астам, соның ішінде 200 шетелдік компания.

Көрме тақырыптары:

- астық, нан дақылдары, ет, ет өнімдері, сүт, сүт өнімдері, май, май өнімдері, майонез, кетчуп, мұздатылған тамақ өнімдері, өсімдік майы, кондитерлік өнімдер, жемістер, көкөністер, бұршақ өнімдері, саңырауқұлақ, теңіз балдырлары, жаңғақ, кәмпиттер, жұмыртқа, дәмқосарлар, тұздықтар, арнайы тамақ, минералды сулар, алкогольсіз сусындар;

- киім, косметика, кеңінен пайдаланылатын тауарлар;

- орам құрал-жабдықтары, наубай құрал-жабдықтары, тоңазытқыш құрал-жабдықтары, жеміс пен көкөністі қайта өңдеуге арналған құрал-жабдықтар, ас үй құрал-жабдықтары, ет өнімдерін қайта өңдеуге арналған құрал-жабдықтар.

Қазақстандық компаниялар үшін қатысу құны 250 000 (екі жүз елу мың) теңгені құрайды. Құны мыналарды қамтиды:

- жабдықталған алаң – 9 ш.м.;

- Алматы – Үрімші – Алматы авиабилеті;

- Үрімші – Ланжоу – Үрімші (Ганьсу провинциясы) авиабилеті;

- Синия қаласына тасымалдау және кері қайту;

- 4* қонақ үйінде тұру, таңғы ас базасында 4 түн;

- қонақ үй – көрме – қонақ үй күн сайынғы тасымалы.

Қосымша ақпарат алу үшін Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасына 8 (7182) 321605, e-mail: This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it бойынша хабарласуға болады.

 

Назад