Читай нас на Twitter! Добавляйся в друзья!

 

Старая версия сайта! Новая версия доступна по этой ссылке!

Хабарландыру! Павлодар қаласында 2016 жылғы 14 -15 сәуірде жергілікті қамтуды дамыту мәселесі бойынша топтық кеңес өтеді

2016 жылғы 14 сәуір сағат 10.00-де және 15 сәуір сағат 15.00-де (Ломов көшесі, 21, Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында) Павлодар облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен жүйе құрушы кәсіпорындардың («Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ, «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Еуразиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-1» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамтуды дамыту мәселесі бойынша топтық кеңес өтеді.

Топтық кеңес шеңберінде жергілікті қамтуды дамыту мәселесі бойынша пленарлық отырыс өткізу жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, ірі кәсіпорындар мен облыс тауар өндірушілерінің арасында 2016 жылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізуге ниет хаттамаларын жасау бойынша жұмыс кездесулерін өткізу жоспарлануда.

 

 

 

 

 

 

Назад