Читай нас на Twitter! Добавляйся в друзья!

 

Старая версия сайта! Новая версия доступна по этой ссылке!

Инновациялық гранттар

25.08.2014 Павлодар қаласында а.ж. 21-22 тамызда «Технологияларды коммерцияландыру негіздері» тақырыбына тегін екі күндік семинар өткізілді

09.07.2014 «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ өкілдерімен Павлодар қаласына «Инновациялық автобус» келді

NIF $ 50K Республикалық инновациялық бизнес-жоспарлардың жыл сайынғы конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) кеңінен насихаттау мен жариялауды қамтамасыз ету үшін 2014 жылғы 27 маусымда «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (бұдан әрі - «ТДҰА» АҚ) өкілдерімен Павлодар қаласына «Инновациялық автобус »келді. Конкурстың ... Толығырақ 

09.04.2014 Құрметті әлеуетті грант алушы!

Қазіргі уақытта Қазақстанда инновациялық белсенділікті арттыру және экономикалық дамыту мақсатында инновацияны мемлекеттік қолдау құралдарының кең түрі ұсынылған. Соның ішінде – инновациялық гранттар

беру ерекше орын алады, инновациялық гранттар беру операторының ункциясын «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ атқарады.

Инновациялық гранттар беру тәртібі ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы №№ 1035, 1036 және 1037 қаулыларымен бекітілген Инновациялық гранттар беру ережесімен реттеледі.

Инновациялық гранттар жобаларды іске асыруға мүмкіндігі жоқ новаторлардың перспективті инновациялық жобаларын қолдауға бағытталған. Инноваторларды қолдаудың осы құралы айтарлықтай жаңа болып табылады, яғни оған деген сұраныс жыл сайын өсіп келеді. Мәселен, 2010-2013 жылдар аралығында 1300-ден астам өтініш қаралып, 9,3 млрд.теңге сомасына 210 жобаға қолдау көрсетілді.

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заң күшіне енгеннен кейін инноваторлар инновациялық гранттардың 9 түрі бойынша мемлекеттік қолдау ала алатынын атап өту қажет (бұрын 4 болған):

1) біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту;

2) консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды

3) шетелде инженерлік-техникалық қызметкерлердің біліктілігін

4) басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу;

5) бастапқы даму сатысында жоғары технологиялы өнім

өндірісі бойынша қызметті қолдау;

6) өнеркәсіптік зерттеулер жүргізу;

7) шет елдерінде және (немесе) өңірлік патенттеу ұйымдарында

8) технологияларды сатып алу;

9) технологияларды коммерцияландыру.

Мәселен,бастапқы даму кезеңдегі жас кәсіпкерлер 50 млн.теңгеге дейінгі көлемдегі инновациялық грантқа ие бола алады, технологияларды коммерцияландыру бағыты бойынша – 30 млн.теңгеге дейін, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізу бойынша – 30 млн.теңгеге дейін, шет елдерінде және (немесе) өңірлік патенттеу ұйымдарында патенттеу бойынша – 6 млн. 250 мың теңгеге дейін грант бөлінеді. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар басқарушылық өндірістік технологияларды енгізу үшін – 15 млн.теңгеге дейін, шетелде инженерлік-техникалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін – 2 млн.теңгеге дейін, біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту үшін – 9 млн.теңгеге дейін, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту үшін – 35 млн.теңгеге дейін, технологияларды сатып алу үшін – 150 млн.теңгеге дейін грант беріледі. 

Бағдарлама ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен іске асырылады. Бағдарламаның операторы – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ. Толық ақпаратты Астанадағы 571- 014 (ішкі 422, 252) телефоны немесе natd.grant және natd.grant2 тіркелімдері бойынша Skype арқылы онлайн алуға болады.

www.natd.gov.kz - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ («ТДҰА» АҚ).

 

Назад