Басшылық

Ибраев Балғабай Жұмағұлұлы1965 жылы туылған, Павлодар облысы Май ауданы Сәтен-Мақыш ауылының тумасы.

Үш жоғары білімі бар.

1990 жылы Павлодар педагогикалық институтының биология пәнінің мұғалімі және орта мектпептің ауыл шаруашылығы негіздері мамандығы бойынша бітірген.

2004 жылы-Екібастұз қаласының Қ.Сәтбаев атындағы Инженерлік-техникалық институтының инженер-промтеплоэнергетик мамандығы бойынша білім алды.

2016 жылы – Инновациялық Еуразия университетінің экономика және бизнес магистрі.

Балғабай Жұмағұлұлы өз еңбек жолын 1982 жылы Май ауданы Чапаев совхозында токарь лауазымынан бастады.

Кеңес армиясы қатарындағы қызметінен және жоғары білім алғаннан кейін Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында одан әрі мемлекеттік қызметте еңбек жолын жалғастырды. Балғабай Жұмағұлұлы саяси лауазымдарда қызмет атқарып, басшылық жасау жұмысында тәжірибесі мол.

Жалпы жұмыс өтілі – 37 жылдан аса, соның ішінде мемлекеттік қызметте – 23 жыл.

2000 жылдан бастап 2005 жылға дейін Ақсу қаласының коммуналдық шаруашылығы мен өндірістік саласы басқармасын басқарған.

2005 жылдан бастап 2008 жылға дейін «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сінің басшысы.

2008 жылдан бастап 2011 жылға дейін Ақсу қаласының «Ақсу су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпонының директоры.

2011 жылдан бастап – 2015 жылға дейін Ақсу қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін – Щербақты ауданының әкімі.

2018 жылдан бастап 2021 жылдың қаңтарға дейін – Ақсу қаласының әкімі.

Балғабай Жұмағұлұлы көпжылдық еңбегінің арқасында мемлекеттік наградалар мен мақтау қағаздарымен марапатталған.

2021 жылғы 1 маусымдағы №1-15 ж/қ бұйрығына сәйкес Балғабай Жұмағұлұлы Ибраев Павлодар облысының мемлекеттік архивінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Мекенжайы және байланыс телефоны: Павлодар қ., Академик Бектұров көшесі, 62/1, тел.: 8 (7182) 32-49-72

Азаматтарды қабылдау: сәрсенбі, 15.00-18.00
 

 

Татбай Қаражан, «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ басшысының орынбасары.

1985 жылғы 16 қыркүйекте дүниеге келген.

2010 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылғы шілде мен 2009 жылғы шілде аралығында – Екібастұз қ. Байет ауылдық округі әкімі аппаратының маманы, жетекші маманы, бас маманы;

2009 жылғы шілде мен 2010 жылғы наурыз аралығында – Павлодар ауданы әкімінің аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы;

2010 жылғы наурыз бен 2010 жылғы қараша аралығында – Павлодар ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы;

2011 жылғы қазан мен 2020 жылғы қаңтар аралығында «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ 2-ші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейлі архивис-аудармашысы, әкімшілік бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

2020 жылғы қаңтардан бастап «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ басшысының орынбасары қызметін атқарады.

Мекенжайы мен байланыс телефоны: Павлодар қ., Академик Бектұров көшесі, 62/1, тел.: 8 (7182) 32-22-07.

 


 
 
Мақажанова Қаншайым Ғалымжанқызы, «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ басшысының орынбасары.
1956 жылғы 8 қыркүйекте дүниеге келген. 
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тарих және қоғамтану оқытушысы біліктілігі беріле отырып, тарих мамандығы бойынша бітірген. 
1978 жылғы қыркүйек пен 1980 жылғы қыркүйек аралығында – № 3 Баянауыл орта мектебінде тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі; 
1980 жылғы қыркүйек пен 1982 жылғы ақпан аралығында – Павлодар педагогикалық институтында КОКП және ғылыми коммунизм тарихы кафедрасының оқытушысы;
1982 жылғы ақпан мен 1982 жылғы тамыз аралығында – Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері;
1982 жылғы тамыз бен 1989 жылғы мамыр аралығында - №1 Краснокутск орта мектебінің тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі;
1989 жылғы мамыр мен 1994 жылғы қаңтар аралығында – Ермак аудандық атқару комитеті жанындағы жеке құрам жөніндегі шаруашылық есептегі архивтің директоры;
1994 жылғы қаңтар мен 1998 жылғы шілде аралығында – «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» ММ-нің жетекші археографы;
1998 жылғы шілде мен 2000 жылғы ақпан аралығында – «Павлодар облысының архивтер басқармасы» ММ-нің бас маманы;
2000 жылғы мамыр мен 2002 жылғы қыркүйек аралығында – «Павлодар облысының архивтер департаменті» ММ басшысының орынбасары;
2003 жылғы қаңтар мен 2003 жылғы қыркүйек аралығында – «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ жалпы бөлімінің басшысы;
2003 жылғы қазан мен 2006 жылғы желтоқсан аралығында – «Көкшетау қаласының мемлекеттік архиві» ММ-нің директоры;
2007 жылғы наурыз бен 2008 жылғы шілде аралығында – «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» ММ директорының орынбасары;
2008 жылғы тамыз бен 2015 жылғы қыркүйек аралығында «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» ММ-нің директоры болып жұмыс істеген.
2015 жылғы қазаннан бастап «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ басшысының орынбасары болып тағайындалды.
 
Мекенжайы және байланыс телефоныПавлодар қ., Лермонтов көшесі, 51/1, тел.: 8 (7182) 32-10-52.

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...